Внимание! В связи с переездом на новое место сайт работает с ограничениями - нельзя оставлять записи в гостевой книге, форуме и комментарии.  -  admin
Библиотечная жизнь

О библиотеке
: Заочная экскурсия
: Наша история
: Вопрос библиографу
Государственные закупки
: способом запроса ценовых предложений
: результаты по закупкам
И. Алтынсарин
: Почему?
: Биография
: Школа - интернат
: Музей И. Алтынсарина
Наши разработки
: Растим читателя
: «Меня зовут Кожа»
: «Сказки для маленького Ельжана»
: Батыры
: О Наурызе
: Россия в гости к нам
: Туве М. Янссон
Писатели - детям
: Литература нашего края
: Акылбек Шаяхмет
: Алия Баянды
: Ахмет Байтурсынов
: Беимбет Майлин
: Ибрай Алтынсарин


Поиск



Әлди


Әлди
(Ана жыры)
Әлди, әлди! Әуп бөпем, әлди-ай!
Сорлы әкеңді малайлыққа салды бай.
Жарық сәуле көрсетпедің өмірде,
Қандай өшің болды бізде, әй, құдай!


Өрім-өрім үстімдегі кигенім,
Өмірімде бір бүтінді кимедім.
Әлди-әлди, қойшы, қалқам, жылама!
Шандыр емшек, неге, адыра, иімедің?


Қарның ашты, қаймақ қайда беретін?
Бәйбіше ме — берсем, тәуір көретін.
Жаз да өтер, қабақ түйіп қыс жетер,
Сен сорлыға күн ілгері өлетін!


Қалқам, қалқам!
Неге бездің бесіктен?
Бай үйінен саған осы бесік кең!
«Сорлы күң»— деп бәйбіше айқай салар-ау,
Дауысыңды жоқ қой әлі есіткен.


Әлди, әлди, күюін-ай етінің,
Мына жері ісік пе, ойбай, бетінің?
Тезек тер деп тағы мазаны алады,
Шырылдатып, қиын тастап кетуім.


Жылай-жылай өкпең-дағы өшіпті,
Әне, ойбай, дауысыңды бай есітті!
Келіп қалып үрысар ма екен бәйбіше,
Бүл кім келген, сықырлатқан есікті?!


Қойшы, қалқам, емші мына мамаңды!
Сен де аяшы сорлы болған анаңды!
Деп күйдірер құдай ғана атқырлар:
«Ертеңді-кеш әлдилейсің балаңды...»


Істесең де, бітер емес жүмысы,
Бірі бітсе, дайын тұрар бір ісі.
Біздің былай жүруіміз күңдікте —
Құдай берген бәйбішенің ырысы.


Текке істеп жүргеніміз бейнетті,
Бір тостаған саумал берсе міндетті.
Сорлы жүдеп жүрген шығар ыстықта,
Келмегелі әжептәуір күн өтті. Айхай, дәурен!


Билік болса басыңда,
«Әй!»— деп жұмсап, ер отырса қасыңда,
Өсірмес пе ек қолдан бір кез түсірмей,
Қалқатайды сылап, сипап жасында.


Әлди, әлди... әуп, бөпем, әуп-пай!
Келе жатыр, ұрсасың-ау, бәйбіше-ай!
Қойшы, қалқам, мә, мамаңды еме ғой!
Әлди-әлди, әлди-әлди, әлди-ай!


Версия для печати Версия для печати


react.gifКомментарии:


Пока комментариев нет.
Вы первым можете добавить комментарий!


Орден Толкиенистов

Что за ...?
: Орден
: Кто такой?
: На наш взгляд
: Взгляд библиотекаря
: Выставка
: Клуб «Сильмарилл»
: Чего бы ещё почитать
Баловство
: Летопись
: Легенды и мифы
: Антивулкан
: Пародийный мюзикл
: Рыцарский турнир
: Ещё про него же


Галерея

Художество
: Вадим Быков
: Ольга Бойко
: Рисую свое...
Фотохудожество
: Любимая книга
: Пародийный мюзикл
: Рыцарский турнир


Мои настройки

 Количество пользователей 46 пользователей


Сейчас online:

никого нет

   up  Наверх  up  

© 2000—2009 Костанайская областная библиотека для детей и юношества имени Ибрая Алтынсарина. Адрес для писем:biblio­@al.ru


Site running with GuppY v4.0.4